Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы келiсiмге хаттамаға қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы" Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы келiсiмге Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке оған қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы атынан "Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы" Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы келiсiмге хаттамаға қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
жоба
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы 2001 жылғы 29 қарашадағы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) негізге ала отырып,
Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу орта сызығының географиялық координаттарын анықтау мақсатында,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Хаттамамен Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлудiң жағалық сызықтағы және аралдардағы бастапқы базалық нүктелерiнен бiрдей алыстау негiзiнде құрылған (бастапқы базалық нүктелердiң географиялық координаттарының Каталогы - 2 қосымша) орта сызық өтуiнiң географиялық координаттарын белгiлейдi (орта сызықтың географиялық координаттарының Каталогы - 1 қосымша).
Солтүстiк ендiктiң 42 о 33',6 және шығыс бойлықтың 49 о 53',3 координаттары бар Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу сызығының түйiсу нүктесi орта сызықтың бастапқы нүктесi болып табылады.
Солтүстiк ендiктiң 41 о 32',4 және шығыс бойлықтың 50 о 56',6 координаттары бар нүкте межелеп бөлудiң соңғы нүктесi болып табылады, ол Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Түркiменстан арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлудiң түйiсу нүктесi ретiнде қабылдануы мүмкiн, мұның өзi олардың арасындағы үш жақты келiсiмде белгiленетiн болады.
Межелеп бөлудiң орта сызығы Тараптар келiскен Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу схемасына енгiзiлген (3-қосымша).
Осы Хаттама Келiсiмнiң 7-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
___________ қаласында _______ жылғы "___" _________ әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Негiзгі Хаттаманың ережелерiн түсiндiру мақсатында Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘЗIРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШIН ҮШIH
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасы арасындағы
Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасының
арасындағы келiсiм хаттамасына
1 қосымша
__________________________________________________________________
Орта сызықтың | Солтүстік | Шығыс бойлық
бұрылыс | ендік |
нүктелерiнiң | |
нөмiрлері | |
__________________________________________________________________
ҚР,ӘР,РФ үш | 42 о 33',6 | 49 о 53',3
мемлекеттiң түйiсу | |
нүктесi | |
__________________________________________________________________
1 42 о 25',8 50 о 00',3
2 42 о 24',5 50 о 01',7
3 42 о 22',3 50 о 03',8
4 42 о 20',9 50 о 05',4
5 42 о 20',2 50 о 06',4
6 42 о 20',7 50 о 06',9
7 42 о 17',0 50 о 10',1
8 42 о 16',4 50 о 10',8
9 42 о 11',1 50 о 17',5
10 42 о 10',4 50 о 18',5
11 42 о 06',5 50 о 23',6
12 42 о 05',2 50 о 25',4
13 41 о 57',9 50 о 36',0
14 41 о 57',4 50 о 36',8
15 41 о 56',6 50 о 38',0
16 41 о 55',8 50 о 38',7
17 41 о 53',2 50 о 41',2
18 41 о 51',3 50 о 41',9
19 41 о 50',6 50 о 42',2
20 41 о 47',8 50 о 43',1
21 41 о 39',1 50 о 50',4
22 41 о 37',0 50 о 52',3
23 41 о 35',3 50 о 53',8
24 41 о 33',4 50 о 55',5
___________________________________________________________________
25 нүкте (соңғы) 41 о 32',4 50 о 56',6
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасы арасындағы
Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасының
арасындағы келiсiм хаттамасына
2 қосымша
___________________________________________________________________
Р/Н | Солтүстiк ендiк Шығыс бойлық
NN
___________________________________________________________________
1 43 о 09',1 51о16',2
2 43 о 09',1 51 о 16',6
3 42 о 50',1 51 о 54',3
4 42 о 05',0 52 о 25',4
5 41 о 46',6 52 о 26',5
6 41 о 46',1 52 о 26',7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Р/Н | Солтүстiк ендiк | Шығыс бойлық
NN | |
___________________________________________________________________
1 41 о 45',6 48 о 42',4
2 41 о 35',8 48 о 51',9
3 41 о 32',2 48 о 55',8
4 41 о 28',0 48 о 59',6
5 41 о 22',7 49 о 04',4
6 41 о 21',8 49 о 05',0
7 41 о 18',9 49 о 06',7
8 40 о 35',7 50 о 04',3
9 40 о 29',3 50 о 19',9
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасы арасындағы
Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы
Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасының
арасындағы келiсiм хаттамасына
3 қосымша
Схеманы қағаз мәтіннен қараңыз.