Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., 18, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

     

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.