Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 151-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құпияландыруға жататын мәлiметтердің ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеу тәртiбiнде:
20, 26-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздер "мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. (Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N 505 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. "Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 743 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 250-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесiнде:
9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.