Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 400 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Монополияшы кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне бағалар мен тарифтердi мемлекеттiк реттеу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 122-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптары болмаған кезде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшiн төлемнiң мөлшерi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нормалардан аспайтын қолданыстағы тұтыну нормалары ескерiле отырып айқындалады;".

      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.