Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

      1997-1998 жылғы егiннің астығын сатып алу үшiн берiлген кредиттерді қайтару мәселесiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 35, 319-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      1997-1998 жылғы егiннен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Есiмов Ахметжан Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, комиссия төрағасы;
      Иванов Леонид Александрович - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, комиссия төрағасының орынбасары;
      Адасбаев Еркiн Әбенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Сауда комитетiнің төрағасы;
      Төлеубаев Темiржан Төлеубайұлы - Қостанай облысы әкiмдiгінің Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк департаментінің директоры;
      Үйсiмбаев Асқарбек Съезбекұлы - Ақмола облысы әкiмдiгiнің Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
      Сюникаев Рашид Абдуллович - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерін сатып алу және қайта өңдеу департаментінің бастығы;
      Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Егiншілiк департаментiнің директоры;
      Мұрзалбаев Нағмар Айтмаханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы қылмыстарын анықтау жөнiндегi департаментi бастығының мiндетін атқарушы;
      Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша);
      Солюлев Александр Анатольевич - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының вице-президентi (келiсiм бойынша);
      Дүйсебаев Мұхаметжан Жұмабекұлы - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келiсiм бойынша);
      көрсетiлген құрамнан: Кәрiбжанов Жәнiбек Сәлiмұлы, Нұрқиянов Төлеухан Мұратқанұлы, Әзiмов Руслан Жұмабайұлы, Үмбетов Алтынбек Смағұлұлы, Әбiтаев Есберген Әбiтайұлы, Әбiлғазин Данияр Рүстемұлы, Тәжияқов Бейсенғали Шамғалиұлы, Әлиев Рахат Мұхтарұлы, Мәдинов Ромин Ризаұлы, Кулагин Сергей Витальевич, Шүкеев Өмiрзақ Естайұлы, Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Бисембаев Абай Айдарханұлы, Ильяшенко Юрий Михайлович, Тiлеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы, Буць Анна Александровна, Мұхамбеталин Қуаныш Төлеуұлы, Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы шығарылсын.
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. 1997-1998 жылдардағы егiннiң астығын сатып алуға берiлген кредиттердiң қайтарымдылығымен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.