Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесiн құру туралы

      Ресей Федерациясының Yкiметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң мүлкiне бухгалтерлiк есеп жүргізудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң "Байқоңырбаланс" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi Ресей Федерациясының Yкiметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң және Ресей авиациялық-ғарыш агенттiгі ұйымдарының қарамағындағы мүлiкке бухгалтерлiк есеп жүргiзу болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi заңнамада белгiлеген тәртiппен:
      1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      5. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі