Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлетiн объектілердiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 124-жол алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 648-жолмен толықтырылсын:
      "648. Республикалық
      қазақ тiлi мен әдебиетiн
      тереңдетiп оқыту мектеп-
      интернаты" мемлекеттiк
      мекемесiнiң ғимараттар
      кешенi                      Достық даңғылы, 272 а-үй".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.