Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кәсіптік білім беретін әскери білім беру мекемелерін қайта атау туралы

      Әскери білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі" мемлекеттік мекемесі "Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" мемлекеттік мекемесі;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 N 1261 қбпү (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі