Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі