Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарға жеткізу көлемін үдету, ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың ұтымды шаралары шеңберінде азық-түлік импортының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 тамыздағы N 1158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
      2-тараудың 8-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      "$8. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері.
      72. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жеткізушілер (агенттер) жүзеге асырады.
      73. Бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер (агенттер) жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.