Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;";
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, Индустрия және сауда министрлiктерi осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн.";
      3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлiк қоғамының дивидендтерiн есептеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 906  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 19 тамыздағы 
N 828 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 25 сәуiрдегi 
N 404 қаулысына    
2-қосымша      

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам

      "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.