Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмінiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексі (Салық кодексi) 549-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 4.2.6.-тармағына сәйкес, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру және акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн (бұдан әрi - Жүйе) енгiзу жөнiндегi жобаларды iрiктеу жөнiндегi конкурсты ұйымдастырсын және өткiзсiн. Конкурстық өтiнiмдi дайындау үшiн конкурсты ұйымдастырушы ықтимал берушiге ұсынатын конкурстық құжаттама мынадай негiзгi ережелердi:
      алкоголь өнiмi бiрлiктерiнiң өндiрiлуiн және айналымын сәйкестендiрудi және қадағалауды;
      алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын есепке алудың және жедел бақылаудың ақпараттық жүйесiн;
      есепке алу-бақылау таңбасында бiрнеше қорғау дәрежелерi бар және алкоголь өнiмiнiң әрбiр бiрлiгi туралы есепке алу ақпаратын қамтитын жасырын кодтың болуын көздеуi тиiс.
      Ашық тендердiң ықтимал жеңiмпазына қойылатын негiзгi талаптар ретiнде мыналар белгiленсiн:
      өз қаражаты есебiнен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындау;
      есепке-алу бақылау таңбаларын дайындауға арналған голографиялық және криптографиялық қорғау элементтерi бар қажеттi жабдықтың болуы;
      бағдарламалық қамтамасыз етудi (Soft-ware), қажеттi жабдықты және тиiстi техникалық құжаттаманы мемлекеттің меншiгiне беру;
      бағдарламалық қамтамасыз етудi, жабдықты, тиiстi құжаттаманы және өзге де ақпаратты бөгде ұйымдар мен тұлғаларға таратпау туралы мiндеттеме;
      2) конкурс қорытындыларынан кейiн бiр ай мерзiмде Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.