Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 46, 450-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
"2201 Сулар, табиғи немесе 20, бiрақ 1 кг үшiн
жасанды минералды, газды, 0,25 ЕВРО-дан кем
қант немесе басқа да емес"
тәттiлендiретiн немесе
дәмдi-хош иiстi заттар
қосылмаған суларды қоса
алғанда; мұз бен қар
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"мыналардан басқа:
2201 90 000-ден Құбырлардан өтетiн
шаруашылық-ауыз су және
техникалық мақсаттарға
арналған басқа да ауыз су* 0".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі