Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң кейбiр мәселелерi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әскери бiлім беру жүйесiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 1173 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi" мемлекеттiк мекемесi "Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі