Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы

      2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңымен бекiтiлген Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 4-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ зияткерлiк меншiктi қорғау саласында келiсiлген нысандарды әзiрлеу және өзара iс-қимыл әдiстерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың тiзбесi мынадай болып белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi;
      Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы); <*>
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06.  N 936 , 2006.01.13.  N 38 Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың белгiленуi туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі