Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 тамыздағы N 1178 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның басқа құрылтайшысымен құрылтай шартын жасасуды;
      2) Қоғамды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-87-жолмен толықтырылсын:
      "123-87                   "Қазақстандық менеджмент, экономика
                                және болжау институты" АҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-26-жолмен толықтырылсын:
      "222-26                   "Қазақстандық менеджмент, экономика
                                және болжау институты" АҚ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі