Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Бюджеттiк қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға 448-қосымшада:
      079 "Лицензиарлардың функцияларын орындау" деген бағдарламада:
      6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағандағы "(4000 лицензияға дейiн) жүргiзу." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының өңiрлерiне 10 адамға дейiн бригадамен шыға отырып, Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының сарапшы мамандарын тартумен лицензиаттардың қызметiн лицензиялаудан кейiнгi бақылауды жүргізу. Мемлекеттiк лицензияларды Қазақстан Республикасының өңiрлерiне арнайы байланыспен (айына 3 рет) жiберу. Сотта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мүддесiн бiлдiру үшiн шарттық негiзде заңгерлердi тарту.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.