Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.02 № 1014 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнің 519, 520-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары; Қараңыз.K100296
2) атыс қаруы мен оқ-дәрілер түрлерiнің тiзбесi; Қараңыз.K100296
3) кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесi бекiтiлсiн. Қараңыз.K100296
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi N 333-21қ қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 65 қаулысымен
бекiтiлген
1. Төраға, оның кеден органдарының құқық қорғаушылық қызметi мәселелеріне жетекшілiк ететiн орынбасары.
2. С-КБА-1 Орталық аппарат департаментiнiң бастығы.
3. С-КБА-2 Орталық аппараттың департаментi бастығының орынбасары. Бастық: облыстың, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің.
4. С-КБА-3 Бастықтың орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің. Орталық аппарат басқармасының бастығы.
5. С-KБA-4 Орталық аппараттың басқарма бастығының орынбасары. Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығы. Кеден бекетiнің бастығы.
6. С-KБA-5 Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығының орынбасары. Кеден бекетi бастығының орынбасары.
7. С-КБА-6 Орталық аппараттың бөлiм бастығы.
8. С-КБА-7 Бөлiм бастығы: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
9. С-КБА-8 Орталық аппараттың бас инспекторы.
10. С-КБА-9 Бөлiм бастығының орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
11. С-KБA-10 Орталық аппараттың жетекшi инспекторы. Бас инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
12. С-KБA-11 Аға инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
13. С-KБA-12 Инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
14. С-КБА-13 Кiшi инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 65 қаулысымен
бекiтiлген
1. Атыс қаруының түрлерi:
1) "Байкал 442", "Макаров ПМ-9 тапаншасы" 9 мм
тапаншалары;
2) "ИЖ-81, Mosberg" 12 калибрлi тегiс ұңғылы мылтықтар;
2-1) 9 мм РСА TКБ-0216 Кобальт бұйымы револьверi.
2. Оқ-дәрiлердiң тyрлерi:
1) тапаншаларға 9 мм оқ-дәрiлер;
2) тегiс ұңғылы мылтықтарға 12 калибрлi оқ-дәрiлер.
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.22. N 383 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 65 қаулысымен
бекiтілген
1. Арнаулы құралдар:
1) оқ өткiзбейтiн кеудешелер;
2) "БР-С бұйым" қол кiсендерi;
3) арнаулы резеңке таяқтары;
4) көк және сары түстi сәулелi шамшырақтар;
5) қозғалысты реттеуге арналған таяқшалар мен көлiк құралдарын тоқтатуға арналған қызыл жарық шағылыстырғышы бар дискілер;
6) үй-жайларды ашуға арналған қондырғылар;
7) "ЕЖ", "ШИП" үлгiсiндегi көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған қондырғылар;
8) жедел радиобайланыс құралдары;
9) GPS "Магеллан" үлгiсiндегi спутниктiк қадағалау құралдары;
10) "Черемуха" үлгiсiндегi көзден жас ағызатын заттар (газдар).