Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнің 16.10.2017 № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 жылғы " " N қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1400((2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) базалық лауазымдық жалақы 17697 теңге мөлшерінде;

      2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде;

      "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне 1,30 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.29 N 409 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.20 N 1229 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 N 1257 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.30 № 244 (2010.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.17 № 150 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1158 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.