Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 848 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 848  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақта "044 "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу" бюджеттiк бағдарламасында" деген сөздер "тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi