Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақ "салааралық" деген сөзден кейiн және өңiраралық" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;";
      10-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау;
      7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу;
      7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      7-5) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу;";
      10-тармақтың 21) тармақшасындағы "қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;";
      4) тармақшадағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер "мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.