Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбiр мәселелерi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
      2. Қоса берілiп отырған:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2004 жылғы 3 наурыздағы  
N 261 қаулысымен     
бекiтілген       

  Қазақстан Pеспубликасы Ішкі істер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің      
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 261 қаулысымен  
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 176 қаулысында:
      1) 2 және 3-тармақтардағы "Әділет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақ алынып тасталсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында:
      "ӘдМ НЕҚК", "ДСА" және "МAКM" деген сөздер "IIМ", "ДСМ" және "Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын.