Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының туындауын және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегі жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
      сегiзiншi абзацтағы "құс орнитозы" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогендi тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың aca қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
      төртiншi абзацтағы "жылқының африкалық обасы (экзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", эпизоотиялық лимфангоит" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетiншi абзацтағы "респираторлық микоплазмоз" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогенді тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республиканың
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.