Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
      "21) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушілердiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "72-1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
      72-2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратады;
      72-3) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарулары туралы iстердi қарайды".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.