Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Ауыл кредит серіктестіктеріне кредит беруді жүзеге асыратын және ауыл кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысатын акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы резервтік капитал толық қалыптасқанға дейін қоғамның жарғылық капиталынан 10 пайыз мөлшерде акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтерді төлеуден босатылады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.