Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1-тармақтың екiнші абзацындағы ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "17" деген сан "28" деген санмен ауыстырылсын.

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.22. N  797 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 1038  қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 тамыздағы 
N 897 қаулысымен    
бекiтілген       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның
құрамы 

      Ескерту. Құрамның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.22. N  797 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.