Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кейбiр мемлекеттiк кәсiпорындарын жекешелендiру туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар  Жарлығына және "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мүлiктiк кешендер ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазәскерсаудажабдықөткiзу" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес кәсiпорындарымен бiрге;
      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Солтүстiк әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Оңтүстiк әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Бурабай" әскери санаторийi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
      5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазәскерижоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.