Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.17 № 425 Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N  1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдауға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты басқару жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) болып айқындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N  1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2.  алынып тасталды
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N  1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      агентпен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын басқаруға шарт жасассын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4.  алынып тасталды
       Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N  1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5.  алынып тасталды
       Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N  1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.