Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 290 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 290 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "479751 (төрт жүз жетпiс тоғыз мың жеті жүз елу бip) тоннаға дейiнгi" деген сөздер "464196 (төрт жүз алпыс төрт мың бір жүз тоқсан алты) тоннаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      екiншi абзацта "2854702000 (екі миллиард сегiз жүз елу төрт миллион жетi жүз екі мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушілер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 214317 (екi жүз он төрт мың үш жүз он жетi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздер "3113702000 (үш миллиард бiр жүз он үш миллион жетi жүз екi мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшін қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 233762 (екi жүз отыз үш мың жеті жүз алпыс екi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.