Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 132 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 132  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 6, 63-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесiнде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақының сомасы есептiден кейiнгі айдың алтыншы жұмыс күнiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына аударылуға тиiс. Аудару кастодиан банктiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн дербес инвестициялауды жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған салыстырып тексеру актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.