Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға  420-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының шағын типографиясы үшiн есептеу жабдығы - 1 жиынтық; көшiру-көбейту жабдығы - 1 жиынтық; диктостанция - 1 жиынтық;";
      2) көрсетiлген қаулыға  425-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "байланыс құралдарын" деген сөздерден кейiн ", 1 бiрлiк - репитер; 1 бiрлік - компьютер; 1 бiрлiк - принтер; 1 бiрлiк - көшiру-көбейту аппаратын" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.