Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 69-қосымшасында:
      "Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "ксерокстар - 2 бiрлiк;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нива" автомобилi - 1 бiрлiк;";
      реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "130,0-140,0" және "88,0-90,0" деген сандар тиiсiнше "145,0-155,0" және "108,0-115,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық препараттардың дозасын" деген сөздерден кейiн "және 5000 литр дезинфекциялық заттарды," деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 5-жолда "15" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.