Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада :
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534, 537-541-баптары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ ", қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ ", шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесi реттiк нөмiрi 2-жолының 5-бағаны ", арнайы экстрадициялық топтарды жiберу және анықталған әрi ұсталған қылмыскерлердi әлемнiң әр түрлi елдерiнен Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселелерiн жедел шешудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ ", қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту, қылмыстық iс-әрекет жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.