Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Тарифтік саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1-тармақта:
      Тарифтік саясат жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы         монополияларды реттеу агенттiгiнiң
                          төрағасы, төрағаның орынбасары

Жұмабаева               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Әлия Маратқызы            монополияларды реттеу агенттiгi Темiр жол
                          көлiгі мен порттар саласындағы реттеу
                          және бақылау департаментінің директоры,
                          хатшы

Бектасов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы            және байланыс агенттiгiнiң төрағасы;

"Мыңбаев                - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы       Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның
                          орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мыңбаев                - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы       Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                          Қазақстан Республикасының Индустрия және
                          сауда министрi";

      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Жандосов Ораз Әлиұлы, Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Қанешев Бiржан Бисекенұлы, Григорьева Светлана Петровна;
      5 және 7-тармақтардағы ", бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тарифтiк саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтағы ", бәсекелестікті қорғау жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.