Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген 5-бөлiмде:
      "БСН-дi генерациялау алгоритмi" деген 4-кiшi бөлiмде:
      3) тармақшаның бесiншi абзацы алынып тасталсын;
      "а 6 " деген бағандағы "3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi" деген 5-кiшi бөлiмде:
      бiрiншi абзацтағы "бiр циклда мынадай алгоритм" деген сөздер "екi циклда мынадай алгоритм" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "mod 10" деген сөздер "mod 11" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац пен кесте алынып тасталсын;
      "СН (БСН) қолдану тетiгi мен аясы" деген 6-кіші бөлiмде:
      он төртiншi абзацтағы "және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.