"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:
1) "Meктепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы";
2) "Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы";
3) "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы";
4) "Ұлттық аккредиттеу орталығы";
5) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн;
3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pеспубликасының
Премьер-Министрі