Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
      бесінші абзацтағы "күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздерден кейін ", бруцеллез" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.