Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесін құру туралы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі)  15-бабына  сәйкес, сондай-ақ қызметін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу кезеңіне "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

      2. Комитетті қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиттерінің шегінде Комитеттің штат санын белгілеу;
      2) Комитет туралы ережені бекіту және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 219-жолмен толықтырылсын:
      "219. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.