Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсін:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ "Шығындар" бөлімінде:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
03 "Мамандандырылған медициналық көмек" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімші бойынша:
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасында:
101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кіші бағдарламасындағы "621678" деген сандар "434304" деген сандармен ауыстырылсын;
102 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне диабетке қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасындағы "1437908" деген сандар "1413424" деген сандармен ауыстырылсын;
103 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасындағы "566438" деген сандар "778296" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 655-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген туберкулезбен ауыратындарға арналған туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысананы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қант диабетімен ауыратындар үшін диабетке қарсы препараттарды және жеткізу құралдарын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн химиялық препараттарды сатып алуға берiлетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген бүйрек кемiстiгi бар ауруларға дәрілік заттар, шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарға дәрілік заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 11 қазандағы
N 1016 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекiтiлген
Туберкулезбен ауыратындарға арналған туберкулезге қарсы
препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы
Сомасы, мың теңге
Ақмола облысы
25673,1
Ақтөбе облысы
29519,5
Алматы облысы
44402,1
Атырау облысы
18184,6
Шығыс Қазақстан облысы
35614,7
Жамбыл облысы
23929,7
Батыс Қазақстан облысы
8628,1
Қарағанды облысы
43730,0
Қостанай облысы
26282,6
Қызылорда облысы
47802,2
Маңғыстау облысы
11605,3
Павлодар облысы
15746,9
Солтүстік Қазақстан облысы
21730,5
Оңтүстiк Қазақстан облысы
51124,5
Астана қаласы
16271,3
Алматы қаласы
14058,9
Барлығы:
434304,0
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 11 қазандағы
N 1016 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекiтiлген
Қант диабетімен ауыратындар үшін диабетке қарсы
препараттарды және жеткізу құралдарын сатып алуға
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы
Сомасы, мың теңге
Ақмола облысы
62205,0
Ақтөбе облысы
29879,0
Алматы облысы
115875,0
Атырау облысы
30479,0
Шығыс Қазақстан облысы
197708,0
Жамбыл облысы
93846,0
Батыс Қазақстан облысы
44732,0
Қарағанды облысы
151408,0
Қостанай облысы
101311,0
Қызылорда облысы
13833,0
Маңғыстау облысы
14124,0
Павлодар облысы
51031,0
Солтүстік Қазақстан облысы
78836,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы
187522,0
Астана қаласы
42741,0
Алматы қаласы
197894,0
Барлығы:
1413424,0
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 11 қазандағы
N 1016 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекiтiлген
Онкологиялық аурулармен ауыратындар үшін химиялық
препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы
Сомасы, мың теңге
Ақмола облысы
40702,9
Ақтөбе облысы
31482,5
Алматы облысы
95594,0
Атырау облысы
36865,5
Шығыс Қазақстан облысы
112279,8
Жамбыл облысы
40347,8
Батыс Қазақстан облысы
38468,4
Қарағанды облысы
36776,3
Қостанай облысы
37418,2
Қызылорда облысы
41152,0
Маңғыстау облысы
17583,7
Павлодар облысы
36550,0
Солтүстік Қазақстан облысы
44103,7
Оңтүстік Қазақстан облысы
50646,5
Астана қаласы
31380,1
Алматы қаласы
86944,6
Барлығы:
778296,0 Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 11 қазандағы
N 1016 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекiтiлген
Бүйрек кемістігі бар ауруларға дәрілік заттар,
шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар,
сондай-ақ бүйрегін ауыстырып қондырған науқастарға дәрілік
заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің сомасын бөлу
Атауы
Сомасы, мың теңге
Ақмола облысы
18126,8
Ақтөбе облысы
30452,9
Алматы облысы
34757,7
Атырау облысы
14163,0
Шығыс Қазақстан облысы
32894,6
Жамбыл облысы
10234,4
Батыс Қазақстан облысы
11760,0
Қарағанды облысы
22196,0
Қызылорда облысы
4420,0
Қостанай облысы
12668,0
Маңғыстау облысы
11664,0
Павлодар облысы
16499,4
Солтүстік Қазақстан облысы
12552,0
Оңтүстік Қазақстан облысы
26767,2
Астана қаласы
58661,0
Алматы қаласы
89134,0
Барлығы:
406951,0