Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынуды;

      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi