Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

      Құс тұмауының ықтимал пандемиясын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрiлiк препаратын сатып алуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 30600000 (отыз миллион алты жүз мың) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.21. N  1261 қаулысымен.

      2. "Hoffmann-La Roche Ltd" компаниясы, Базель, Швейцария сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрілiк препаратын берушi болып белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      тауарларды мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.