Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 449 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі техникалық жоба мен технологиялық регламенттің;
2) мақта тазалайтын зауытта:
кемінде бір мақта қабылдау пунктінің;
шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтардың;
талшықты мақта байламынан сынамалар түзуге арналған құрылғының;
таразы жабдықтарының;
желдеткіш жабдықтардың;
тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың);
мақта сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың;
мақтаны сақтау үшін арнайы бөлінген орынның;
3) мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде:
шитті мақтаны жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдықтарының;
желдеткіш жабдықтардың;
шитті мақтадан сынамалар алуға және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтардың;
тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың);
4) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде өткізу режимінің;
5) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.