Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн бекiту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына  және "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394  қаулысына  сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың көлемi:
      мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
      мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
      мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
      мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.