Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегі Заңының  24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысымен оның директорлар кеңесiнiң құрамына сайлауға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Асқар Раушанұлы Елемесовтiң және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовтiң кандидатуралары белгiленсiн.

      2. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1149  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi - Қайрат Медiбайұлы Әйтекеновті;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековтi;" деген жолдар алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.