Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 13 маусымдағы 
N 543 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 127-жол алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.