Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 977 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1193(қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1240  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адамдар, көлiк құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн кезде оларды өткiзу пункттерiнде бақылауды жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      23-тармақта:
      1) тармақшадағы "жүргiзушiлердiң еңбек ету және демалу режимiнiң есебiн тiркеу парағының," деген сөздерден кейiн "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және/немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "рұқсат қағазы" деген сөздерден кейiн ", тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.