Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

  Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 17 тамыздағы 
N 776 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 159-құжат).

      2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының 2004 - 2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615  қаулысы .

      3. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамының инвестициялық декларациясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383  қаулысы .

      4. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 ақпандағы N 147 қаулысының  5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 9, 79-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 28 наурыздағы N 270  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 шiлдедегi N 688  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 28, 351-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 және 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 шiлдедегi N 776 қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 411-құжат).