Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетiн кiрiс олардың жиынтық жылдық кiрiсiнен алып тастауға жататын қаржылық қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1332 Қаулысымен

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  91-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетiн кiрiс олардың жиынтық жылдық кiрiсiнен алып тастауға жататын қаржылық қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 25 тамыздағы 
N 816 қаулысымен    
бекiтiлген       

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы
заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетiн кiрiс
олардың жиынтық жылдық кiрiсiнен алып тастауға
жататын қаржылық қызметтердiң
тiзбесi

      1. Өз клиентiнiң есебiнен және мүддесiнде (брокер ретiнде) қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтер.
      2. Номиналды ұстау қызметтерi.
      3. Андеррайтер қызметтерi.
      4. Ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер.
      5. Бағалы қағаздар бойынша баға белгiлеудi үнемi жариялау және ұстап тұру жөнiндегi қызметтер.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.