Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:

      8-тармақта:
      2-1) тармақшадағы "2-1)" деген сандар "3)" деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi өкiлеттi органның өңiрлiк қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтiнiшi негiз болып табылады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      міндетін атқарушы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.