Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.01.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейiндегi қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiнде:
64-бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы 70-бөлiммен толықтырылсын:
"
70
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
70.2
Меншiктi жылжымайтын мүлiктi жалға беру
70.20
Көрме залдарын қоса тұрғын емес үйлердi, жердi қоспағанда, меншiктi жылжымайтын мүлiктi жалға беру
";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген инвестициялық преференцияларды уәкiлеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзiмдерiнде:
мынадай мазмұндағы "Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар" деген бөлiммен толықтырылсын:
Меншiктi жылжымайтын мүлiктi жалға беру
1,3-тi қоса алғанға дейiн
1-5
3
3
3
1,3-тен 2,6-ны қоса алғанға дейiн
1-5
4
4
4
2,6-дан 13-тi қоса алғанға дейiн
1-5
5
5
5
Инвестициялардың ең жоғары көлемі 13
13-тен 14,5-ті қоса алғанға дейiн
1-6
6
5
5
14,5-тен 16-ны қоса алғанға дейiн
1-7
7
5
5
16-дан 17,5-ті қоса алғанға дейiн
1-8
8
5
5
17,5-тен 19-ды қоса алғанға дейiн
1-9
9
5
5
19-дан жоғары
1-10
10
5
5
".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі